Арнайы сұйықтықтар

TOTAL ең ірі компаниялардың бірі болғандықтан ғана Еуропада көмірсутекті еріткіш сұйықтықтарды ең үздік өндіруші болып отырған жоқ. Мұнда тәжірибеміз бен біз басшылыққа алатын жоғары стандарттардың да үлесі бар. Біздің есігіміз тұтынушылар үшін әрқашанда ашық, біз сіздердің сұраныстарыңызды барынша зейін салып қанағаттандырамыз және сіздердің болашақ міндеттеріңіз үшін дұрыс шешімдер табамыз. Біз Нормандиядағы (Франция) Удаль зауыты және Линдсидегі (Ұлыбритания) мұнай өңдеу зауыты сияқты заманауи кәсіпорындарда хош иісті (ксилол, толуол), иіссіздендірілген еріткіштер мен техникалық сұйықтықтарды қоса, еріткіштердің 120 аса түрін өндіреміз және оларды бүкіл әлемдегі өнеркәсіптің түрлі салаларының кәсіпорындарына сатамыз.

TOTAL компаниясы сапасы мен тазалығы аса жоғары өнімдерді ұсынады:

Біз инновациялар саласында алдыңғы қатарда бола отырып, бірегей тәжірибе жинадық және көптеген салаларда: құрылыста және автомобиль өнеркәсібінде; шиналар, сиялар, бояулар, силикондық герметиктер және косметика өндірістерінде; суды тазалау және өсімдіктерді қорғау үшін; бұрғылау ерітінділері ретінде және көптеген басқа салаларда тиімді болып табылатын, жоғары технологиялық өнімдер ұсынуға қабілеттіміз.

Осы жақсартылған және бейімделген еріткіштер қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес өндіріледі.

Біздің саясатымызда өніміміздің сапасы мен экологиялық стандарттар сияқты қауіпсіздік те бірінші орында тұрады. Сондықтан, сіз TOTAL компаниясы өзінің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігін жақсы түсінетініне сенімді бола аласыз.

 

special Дерматологиялық косметика:
GEMSEAL® жұмсартқыш заты, GEMSEAL® сұлулыққа арналған өнімдерінің ішінде жұмсартқыш заттардың сан-алуан түрлері бар.
 
  special Еритін сығындылар:
тағамдық және минерал майлар.
Өндіру өнеркәсібіндегі екі сегмент: тағамдық майлар өндіру.
 
  special Жылу алуға арналған жанармай:
KERDANE ® өнімдері негізінен жылу алуға арналған.
 
special

HYDROSEAL® жағармайлары:
қауіпсіздік, тұрақтылық, жоғары өнімділік.
HYDROSEAL® жағармайларын түрлі салаларда қолдануға болады.

 
  special Металл өңдеу саласы:
тұтқырлығы төмен сұйықтықтар.TOTAL компаниясының арнайы сұйықтықтары – HYDROSEAL® өндірісте пайдаланылатын базалық майлар болып табылады.
 
special SPIRDANE®, KETRUL®, ISANE® және SOLVAREX® еріткіштері:
сырлар мен лактерге арналған.
Құрылыс саласындағы және өнеркәсіптегі сәндік жабындарға арналған еріткіштер.
 
special Полиакриламид:
Инверстік эмульсияны полимеризациялауға арналған HYDROSEAL® және KETRUL® өнімдері полиакриламид өндіруге жарамды.
 
special Пластизоль – ПВХ арналған пасталар:
Еденнің винил жабындарына, жасанды терілерге, кенептерге арналған ПВХ пасталары.
 
special Зиянкестермен күресуге арналған препараттар:
өсімдіктерді қорғауға арналған майлар.Осы өнімдер өсімдіктерді өңдеу шығындарын азайта отырып, мол өнім алуға кепілдік береді.
 
special

Желімдер:

оларда нафтендік сұйықтықтардың бар артықшылығы қолданылады.Олармен желімдеу әдістері қазір жақсы белгілі және сан-алуан салаларда пайдаланылады.

 
special Мөрге арналған сиялар:,
TOTAL Special Fluids мөрлерге арналған SCRIPTANE® өнімдерінің түрлерін арнайы дайындады.
 
special Теңізді ластанудан қорғайтын заттар:
тиімді сіңіргіш заттар.
FINASOL® OSR өнімдері теңіздің мұнаймен ластануымен күрсесуге арналған сіңіргіш заттар.
 
special Қауіпсіз, экологиялық жарамды, тиімділігі жоғары және жоғары технологиялық өнімдер:
EDC 95-11 және EDC 99-DW бұрғылау сұйықтықтары негізгі сазды бұрғылау сұйықтығы ретінде пайдаланылады.
 
special HYDROSEAL® силикондық герметигі:
жақсы бейімделген органикалық пластификатор.Силикондық герметиктерге арналған RTV-1 органикалық пластификаторы шығындарды едәуір азайтады.
 
special Ағаш өңдеу саласы:
сырлар мен лактер.Олар ағашты өнеркәсіптік, тұрмыстық және сәндік мақсаттарда өңдеуге арналған.
 
special TOTAL Special Fluids
каучук синтездеуге арналған еріткіштер мен пластификаторлардың бірнеше түрлерін ұсынады.