PEUGEOT компаниясымен серіктестік

PEUGEOT компаниясымен серіктестік

Сотрудничество с PEUGEOT

1995 жылдан бастап осы екі компания экологиялық зерттеулердегі, спорттық жарыстарға қатысудағы және автомобильдерге сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетудегі жетістіктері мен жинақталған тәжірибелерін біріктірді. Олардың командалары мақсаттары клиенттердің жанармайдың жұмсалуын, қозғалтқыштан бөлінетін CO2 мөлшерін және автомобильдің жиынтық шығындарын азайтуға қатысты сұраныстарын толық қанағаттандыруға бағытталған техникалық және ғылыми мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істейді.

Peugeot және Total компаниялары – экология және өндіріс мәселелері бойынша әріптестер.

2013 жылы компаниялар автомобильдердің жанармайды аз тұтынатын және жүргізуге қолайлы жаңа буынын жасап шығаруға бағытталған кезекті инновациялық жобамен жұмыс істеп, зерттеу бағдарламаларын жалғастырды. Компаниялар автомобильдің жылдам қозғалатын (100 км/сағ жылдамдыққа 8 секундта жететін) және ауаға CO2 аз мөлшерде (49 г/км) бөлетін үлгісін дайындады. Осы 208 HYbrid FE деп аталған технологиялық үлгіде Peugeot және TOTAL компанияларының жанар-жағармай, жақсартылған аэродинамика және жеңілдетілген трансмиссия салаларындағы ең жаңа дайындамалары қолданылды. Екі компания да осылайша қозғалтқыштардың көрсеткіштерін жақсартуға және оларды барынша қорғауды қамтамасыз етуге тырысуда.

Сіз өзіңіздің Peugeot автомобиліңізде TOTAL компаниясының жағармайларын пайдаланып, оның қозғалтқышының қызмет мерзімінің ұзаруына және ауаға бөлінетін ластағыш заттардың мөлшерін азайта отырып, қозғалтқыштың сипаттамаларының жақсаруына көмектесесіз. Peugeot гибридтік автокөлігі.

Біздің спорттағы әріптестігіміз

TOTAL компаниясы соңғы 18 жыл бойы автоспорттың негізгі бағдарламаларында Peugeot компаниясының әріптесі болып келеді.

  • 1995 жылдан 2005 жылға дейін Peugeot 206 WRC автокөлігі Формула-1 жарыстарына және ралли бойынша әлем чемпионаттарына қатысып, 25 рет жеңіске жетті, Peugeot компаниясы 3 рет жылдың үздік автокөлігі өндірушісі атанды, ал компания спортшылары Формула-1 жарыстарында әлем чемионы атағын екі рет жеңіп алды (Маркус Гронхольм 2000 және 2002 жылдары чемпион болды).
  • 2007 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде Ле-Ман жарыстарында Peugeot және TOTAL компанияларының командалары бірінші және екінші орындарды алды (2009 жыл).
  • 2013 жылы Peugeot және TOTAL компанияларының командалары әйгілі Pikes Peak International Hill Climb (АҚШ) жарыстарына қатысу үшін Red Bull және Michelin командаларымен бірікті. Осы жарыста Себастьян Леб Peugeot 208 T16 Pikes Peak автомобилін айдады.

Peugeot және Total компаниялары – болашаққа жаңа жол.

?? ?? ?? ??