5w40 автомобильді мотор майы. 5w40 майының сипаттамалары. Total-дың 5w40 синтетикалық мотор майлары.

Қозғалтқышқа қандай 5w40 мотор майын құяды

Барлық маусымды 5w40 автомобиль майы автомобильшілер арасында аса танымалдардың бірі. Индексацияны қарап шығайық, мұндағы W әрпі бар бірінші саны майлаушы материалдың төмен температуралардағы тұтқырлығына жауап береді. Егер біз одан 35 алып тастайтын болсақ, онда осы майда қозғалтқыштың қиындықсыз суық от алу шегін аламыз.

5w40 синтетикалық мотор майлары майлардың минералды түрлері сияқты қозғалтқыштың 30 °С температурасында от алуын қамтамасыз етеді. От алудың іс жүзіндегі жеңілдігі қозғалтқышыңыздың күйіне байланысты болады. Екінші саны – бізге өнімнің кинематикалық тұтқырлығы жөнінде хабарлайтын кешенді сан болып табылады. Ол:

  • Қозғалтқышты қысып қалуды.
  • Ұзақ уақыт тозуды болдырмау мақсатында қызып тұрған үйкеліс жұптарының беттерінде үлдір құрап, ұстап тұру қабілетін көрсетеді.

Жазғы температуралық режимде және жалпы плюс мәндерінде қозғалтқышқа 5w40 мотор майын құйған дұрыс болады. Осы майдың тұтқырлық класының сипаттамалары 5w30 қарағанда жоғары болады. Ол тұрақты қорғаныс үлдірін қалыптастырады, өйткені, майлаушы материал аса қою консистенцияға және төмен аққыш қасиеттеріне ие болады.

Дизельге арналған Total 5w40 синтетикалық мотор майы

Тотал осы кластың заманауи өнімдер желісін ұсынады. Компания бензинді де, дизельді қозғалтқышқа да қауіпсіз құюға болатындай әмбебап синтетикалық барлық маусымды майларды жасауға ерекше көңіл аударды.

Тотал компаниясының 5w40 мотор майы - синтетика автомобиль иелерінің арасында құрметке ие. Әсіресе бұл ыстық жаз шарттарында, мысалы, Испанияда, Қазақстанда, Португалияда тұратын адамдарға қатысты. Ол жерде «40» параметрі бар майдың тұтқырлық артықшылықтары өзін айрықша көрсетеді.

Дизельге арналған 5w40 майы – бұл моторды ұзақ уақыт бойы жұмысқа жарамды күйінде сақтаудың оңтайлы нұсқасы, өйткені қоспа жиынтығы жоғары тозудан, күйіктен және қышқылдану процестерінен қозғалтқышты толықтай қорғайды.

Бүгінгі таңда 5w40 дизельді майы қозғалтқыштардың бензинді де, дизельді түрлерінде де қолданылатын әмбебап өнімі түрінде шығарылады. Әмбебап май нарығында Total компаниясының танымал майлау материалдарын толықтай қарастырып шығайық.

QUARTZ 9000 және QUARTZ INEO MC3 5W-40 синтетикалық майларының артықшылықтары

TOTAL QUARTZ 9000 – соңғы буынды майлаушы материал. Әмбебап май бола отырып, ол дизельде пайдалану кезінде аса тозуға қарсы және тазартатын қасиетіне кепілдік береді.

QUARTZ 9000 5W-40

TOTAL QUARTZ 9000 5w40

Тотал QUARTZ 9000 – барлық маусымды 5w40 мотор майы ACEA A3/B4 талаптары бойынша сертификатқа ие. Оған:

  • қышқылдануға қарсы жоғары қасиеті;
  • қозғалтқыштың жеңіл суық от алуын;
  • төменгі температурада жанармайды үнемдеу;
  • қозғалтқышты өте жоғары температурада сенімді түрде қорғау қасиеттері тиесілі.

Әмбебап және технологиялық өнім турбиналы және мультиклапанды қозғалтқышқа қолдану үшін ұсынылған.

Quartz Ineo MC3 5w40 майы сізде жаңа дизельді мотор болған жағдайда тамаша таңдау болып табылады. Майлаушы материал пайдаланылған каталитикалық газды бейтараптандыру жүйесінің және күйе сүзгішінің жұмысын жақсартады.

Quartz Ineo MC3 5W-30

Total Quartz Ineo MC3 5w40

Майды ауыстыру аралығын 40 мың км. дейін ұзартуға мүмкіндік беретін сипаттамалары бар әмбебап 5w40 майы анық артықшылықтарға ие болады, атап айтсақ: 

  1. Майдың пайдаланудың ауыр шарттарына (трасса, қарқынды қала қозғалысы, спорттық жүріс) төзетін керемет тұтқырлығы. 
  2. Келесі ауыстыруға дейінгі жүріс ұзақтығын қамтамасыз ететін өнімнің ескіруін баяулатады. 
  3. Пайдаланылған газдарды қосымша тазарту жүйесінің жұмысының жоғары деңгейі (Low SAPS технологияларын қолдану). 
  4. Қоспа жиынтығы қышқылдануға төзімділікті және жоғары жуғыш қасиеттерді қамтамасыз етеді.

Автомобиліңіздің қозғалтқышында пайдалану үшін қандай 5w40 майын сатып алу жөніндегі шешімді енді өзіңіз шешесіз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген автоөндіруші ұсыныстарына жүгініңіз, қозғалтқышыңыздың тозу дәрежесін, типтік жүктемесін, климаттық жағдайларды ескеріңіз және әмбебап барлық маусымды Тотал SAE 5w40 мотор майын еш күмәнсіз қолданыңыз.

?? ?? ??