Қозғалтқыштағы май қысымы. Дұрыс балансты қалай табу керек

Қозғалтқыштағы май қысымы. Дұрыс балансты қалай табу керек

давление масла

Total май қысымының дұрыс балансы автокөлігіңіздің жұмысына қалай ықпал ететінін және оны қалай түзетуге болатындығы туралы әңгімелейді. 

Өмір – тепе-теңдікке деген ұмтылыс. Оның дәлелін күн сайын табиғат мысалында байқап, көріп жүрміз. Жекелей алғанда біз бүгін түсіндіреміз деп отырған концепцияның физикамен, жалпы алғандағы баланспен ортақ тұстары көп. Қозғалтқыштағы май қысымы қажет деңгейде болса, ол қозғалтқышыңыздың жағдайын жақсарта алады, кей кезде тіпті оның жұмысын мінсіз ете де алуы мүмкін. 

Май қысымының қасиеттері туралы толығырақ білсеңіз, таң қалуыңыз мүмкін. Есте сақтау керек негізгі элементтер келесілер: май сорғышы, май және олардың автокөліктің түрлі бөлігіне жету үшін жүріп өтетін жолы. 

Түрлі байланыстар мен сүзгілер арқылы түтіктердің бойымен майды май сорғышынан қозғалтқышқа қарай итеретін күш май қысымының күші болып табылады. Алайда бұл қысымды май сорғышында өлшейтін болсақ, оның автокөліктің өзге бөліктеріне қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көруге болады. 

Қысым күшінің өзгеруіне не себеп? 

Көлікті оталдырған кезде май қысымы жоғары болады. Май қызғанға дейін сорғыш оны бөліп таратуға көп энергия жұмсайды. Қозғалтқыш іске қосылғанан кейін май қызып, жеңіл қозғалады, осының арқасында манометр көрсетіп тұрған қысым айтарлықтай төмендейді. Бұл – бірнеше санатты майдың пайда болуының себебі. Қозғалтқыштың тозу мерзімі майдың тұтқырлығына байланысты. Мысалы тұтқырлығы салыстырмалы түрде төмен майлар қозғалтқыштың жақсы жұмысын және іскеқосу кезеңіндегі детальдар арасындағы үйкелістің төмен деңгейін қамтамасыз ете алмайды. 

давление масла

 

Жоғары қысым деген нені білдіреді? 

Май сорғышы кірдің үлкен бөліктерін сүзіп қалатын арнайы тордың көмегімен майды сорып алып, оны май жүйесіне бағыттайды. Сорғыда қысым шектен тыс өсіп кетсе артық майды кетіретін қақпақ бар. Майдың бұл шығынының жоғары қысым жағдайында тұрақты болатынын ескеру керек. 

Сорғыштағы жоғары қысым әдетте жүйеде шаң мен көміртек шөгінділері тудыратын қарсылық көрсетумен байланысты. Мұның бәрі артық кедергінің пайда боулына әкеліп, май ағынына бөгет болады. Cорғыш мұндай жағдайда әдеттен тыс жоғары қуаттылықта жұмыс істеуге мәжбүр. 

Қысымның артуы қатері бұдан бөлек қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған жүйелер мен салқындатқыш сүзгілерде де пайда болуы мүмкін. Көлік құралының өндірушілері аталған элементтерге баса мән береді. 

Бұл тәуекелдердің алдын алу үшін, түтіктердің формасын және май жүретін түрлі нүктелердің стандартқа сай болуын ескеру керек. Сонымен қатар тұтқырлығы қозғалтқышқа келетін майды қолдану керек. Бұл – май қысымын қажетті деңгейде ұстап тұру үшін қажет ең жақсы әдіс. 

Егер түтіктер тар, ал май тым тұтқыр болса, жүйедегі қысымды арттыру қажет. Бұл майдың барынша тиімді түрде таралуын тудырады. Егер тұтқырлық аз болса, қысым, сәйкесінше төмендей түседі. Бұл әсерге түтіктердің өлшемін арттыру арқылы да қол жеткізуге болады. 

Май қысымы жетіспеушілігін қалай түзетуге болады? Май қысымының төмен боулының себептері көп, бірақ олардың әрқайсысының шешімі бар. Ыңғайлы болу үшін біз сіздерге пайдасы тиетін кесте әзірледік: 

 

ТӨМЕН МАЙ ҚЫСЫМЫ

  ӘСЕРЛЕР ІС-ӘРЕКЕТ
Майдағы өзгерістер немесе май маркасының ауысуы Егер май түрі өзгермесе, сіз ешқандай әсер байқамау керексіз. Егер қысым өзгерсе, жүйе ластанды дегенді білдіруі мүмкін, қозғалтқышты тазалау керек.
Егер май сәйкес сипаттамаға ие болмаса, онда бұл май тұтыну көлемінің артуына және қозғалтқыштың жылдам тозуына әкеліп соғуы мүмкін. Қысымның артуы немесе төмендеуі май сипаттамасына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Картердегі төмен май деңгейі Сорғыш үлкен көлемдегі майды игере алмауда Қысым деңгейінің неге төмен екендігін түсіну үшін май қосыңыз (картердің бұзылуына немесе дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты май ағып кетуі мүмкін)
Төмен температураларда аққыштығын жоғалтатын май Сорғыш майды қозғалтқышқа жеткізе алмай жатыр Бұрынғыдан да сұйық майды қолданыңыз (әдетте синтетикалық болып келеді)
Ескірген май сорғышы Сорғыш қуаттылығының төмендеуі, үйкелістің жоғары болуына байланысты туындаған мәселелер Сорғыштың тегершіктерін тексеріңіз. Сорғышты жөндеңіз немесе ауыстырыңыз
Ескірген мойынтіректер Мойытіректерді ауыстыру
Жанармайдың ластануы Май тұтқырлығының жоғалуы Майды ауыстыру. Сервис орталығында бүрку жүйесін тексеру
Минерал майдың синтетикалық майға ауыстырылуы Май тұтыну көлемінің артуы Синтетикалық май уақыт өте жиналып қалған кірден қозғалтқышты тазартады, бұл май ағынын арттырып, қысымды төмендетеді, май материалының шығынын азайтады
Қозғалтқыштың қызып кетуі Салқындату жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі Температураға байланысты май тұтқырлығының төмендеуі. Өозғалтқыш суыған кезде, май бастапқы қысымға оралады

 

ЖОҒАРЫ МАЙ ҚЫСЫМЫ

  Салдары Іс-әрекет
Оталдыру сәтінен бастап қысым жоғары болып қалады Майдың дұрыс істемеуі Көміртек шөгінділерінің тым көп болуына байланысты тұтқырлық өте жоғары болуы мүмкін. Майды ауыстырып, қозғалтқышты тазалап, турбосүзгіні тексеру керек
Қысым әрдайын жоғары деңгейде Тұтқырлықты арттыратын майдың қышқылдануы орын алуы мүмкін. Майды ауыстыру керек
Сүзгінің бітелуі Жүйе арқылы лас май өтеді Май мен сүзігіні ауыстыру керек
Май түтіктеріндегі қалдық Майдың жоқтығына байланысты туындайтын кедергілер Майды ауыстырып, қозғалтқышты тазалап, турбосүзгіні тексеру керек
Майдың жеткілікті түрде тұтқыр болмауы Жүйеде майдың болмауы Пайдалану туралы нұсқаулықтағы майдың сәйкес параметрлерін тексеру керек

 

Түйінді

Манометрде көрсетілетін қысым сорғышқа майды жылжыту үшін қажетті күшті көрсетуге керек екенін есте сақтаңыз. Бұл көрсеткіш мойынтірек және иінді білік секілді жүйенің бөліктері арасындағы қысымға еш қатысы жоқ.

Манометрдің ең жоғары және ең төмен көрсеткіштер арасындағы деңгейді көрсету керек екенін еескеріңіз. Бұл май жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын білдіреді. Егер деңгей ең жоғарғы көрсеткіштен асып немесе ең төменгі көрсеткіштен түсіп кетсе, бұл жүйе дұрыс істемей тұр дегенді білдіреді.

Май жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі жанармай шығынының артуына алып келуі мүмкін. Егер май қысымы минимал деңгейден төмен болса, майдың қажетті көлемде құйылмауы мүмкін не май тұтқырлығы сипаттамасы қозғалтқышыңызға келмейді деген сөз. Сонымен қатар минимал қысым майдың ағып кетуімен немесе майдың жағармайға түсіп кетуімен байланысты болуы ықтимал.

 

Қорытынды: өз автокөлігіңізге сай келетін жоғары сапалы майды таңдап алу арқылы сіз үздіксіз жұмысты қамтамасыз етіп, қозғалтқышыңыздағы қысым балансын ұстап тұру үшін қажетті жағдай тудырасыз. Қозғалтқыш талаптарына сай келетін май материалдарын қолданыңыз.

?? ?? ?? ??