ЭНЕРГЕТИка саласында пайдаланылатын жағармайлар

ЭНЕРГЕТИка саласында пайдаланылатын жағармайлар

Total компаниясы энергетикалық секторда пайдалануға арналған өнімдердің арнайы түрлерін дайындады. Біз қондырғының пайдалануға дайындығы мен өнімділігі өндірістік үдерістегі аса маңызды фактор екенін жақсы түсінеміз. Біздің өнімдер қамтамасыз ететін жұмыс сапасы сіздің табысқа жетер жолдағы сенімді серігіңіз болады.

Total компаниясының жағармайлары энергетикалық сектордағы негізгі өндірушілермен бірлескен зерттеулердің және ынтымақтастықтың нәтижесі. Осы майлардың, жағармайлардың және салқындатқыш сұйықтықтардың сан-алуан түрлері энергетикалық сектордағы қондырғылардың көптеген түрлерінде пайдаланылады.

Біз өз қызметімізді бүкіл әлемде жүргізетін болғандықтан, біздің өнімдерді қай жерде болсаңыз да пайдалана аласыз.

ГАЗбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарға арналған жағармайлар

Total компаниясы газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған NATERIA жағармайларының сан-алуан түрлерін дайындады.

NATERIA жағармайларының (газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарға және электрқозғалтқышы бар компрессорларға арналған, жуғыш қасиеттері бар майлар) артықшылығы олардың жанармайлардың барлық түрлерімен үйлесетіндігі. NATERIA жағармайлары осындай қондырғыларды өндірушілердің барлық талаптарына сәйкес келеді және газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Біздің өнімдерді пайдалану келесі артықшылықтар береді:

  • Майды алмастыру аралықтарының ұзаруы;
  • Ыстыққа төзімділіктің, тотықтануға қарсы орнықтылықтың және нитридтенуге төзімділіктің жоғарылауы;
  • Тозудан және тоттанудан қорғаныстың күшеюі;
  • Тұнба түзілудің азаюы.

Жел ТУРБИНаларына арналған жағармайлар

Жел турбиналары энергетикалық сектордағы компаниялардың негізгі қондырғыларының бірі. Олар энергия өндірудің экологиялық таза және тиімді құралы болғандықтан жылдан жылға кеңінен таралуда.

Total компаниясы жел турбиналарының барлық түрлеріне жарамды жағармайлардың, консистенттік жағармайлардың және салқындатқыш сұйықтықтардың сан-алуан түрлері дайындады. Біз жағалауда немесе теңізде орналасқан жел турбиналарының жұмысын ауа райына тәуелсіз оңтайландыруға кепілдік береміз. Біздің жел турбиналары үшін арнайы дайындалған өнімдеріміз турбиналардың мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қамтамасыз етеді.

Біз келесі мәселелерді шешуге көмектесеміз:

  • Турбинаны салқын кезінде қосуды қамтамасыз ету;
  • Турбинаның механикалық пайдалы әсер коэффицентін жоғарылату;
  • Майланатын бөлшектерді кез-келген ауа райында қорғауды қамтамасыз ету;
  • Майды алмастыру аралықтарының ұзарту.

АТОМ өнеркәсібіне арналған жағармайлар

Атом электр станцияларының жұмысындағы басты мәселе қондырғылардың өнімділігі және жұмыстың қауіпсіздігі. Total компаниясының өнеркәсіптік жағармайлары осы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біздің жағармайларды, консистенттік жағармайларды және салқындатқыш сұйықтықтарды дайындауға ауқымды зерттеулер және атом электр станцияларының жұмыс қағидалары туралы терең білімдер негіз болды. Total компаниясының жағармайлары қондырғыларды өндірушілердің ең қатаң техникалық талаптарына сәйкес келеді, оларды көптеген ірі кәсіпорындар пайдаланады.

Біздің жағармайларымыз атом электр станцияларына арналған PMUC сертификациясының арқасында EDF талаптарына сәйкес келеді.

PRESLIA майларының сан-алуан түрлері атом электр станцияаларының бу турбиналарын майлау үшін арнайы дайындалған. Осы майлардың айрықша көрсеткіштері сіздің қондырғыларыңыздың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.

СУ ЭЛЕКТР СТАНСАларЫНа арналған жағармайлар

Су электр стансаларының бүкіл әлемде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы орны ерекше. Су электр станциялары өндіретін энергия әлемдік энергия өндірісінің бестен бір бөлігін құрайды.

Су электр станцияларына техникалық қызмет көрсету үшін олардың барынша тиімді болуы мен экологиялық қауіпсіздігін бір мезгілде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, сапасы жоғары өнімдер пайдаланылуы тиіс.

Total компаниялар тобының өкілдіктері бүкіл әлемде кеңінен таралғандықтан, су электр станцияларыңыз қай жерде орналасса да біз сіздерге өз өнімімізді үздіксіз жеткізе аламыз.

Сіз Total компаниясы жағармайларының өнеркәсіптік қондырғыларға арналған түрлерінің ішінен сан-алуан жағдайларда пайдалануға болатын өнімдерді таба аласыз.

?? ?? ?? ??