Антифризді Алматы, Астана қалаларында - Қазақстанда салқындатқыш сұйықтықты сатып алу

Антифриз

Кез-келген іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеу кезінде елеулі түрде қызады, бұл дегеніміз, оны сапалы түрде салқындату қажет. Олай болмаған жағдайда цилиндрлер бастиектерінің тесіп өтетін қирауы, гильзалардың күйіп кетуі, термостаттың сыналануы орын алуы мүмкін, және ақыр соңында, күш беру қондырғысының істен шығуына әкелуі ықтимал. Статистикалық деректер бойынша ІЖҚ барлық сынықтарының 30% салқындатқыш жүйедегі ақаулықтармен байланысты. Осыны болдырмау үшін, антифризді уақтылы және дұрыс ауыстыру қажет.

Тиісті салқындатқыш сұйықтықты қалай таңдауға болады?

Осы сұраққа жауап беру үшін, антифриздің басты ерекшелігі не нәрседе негізделетіндігін түсіну қажет. Өйткені, жалпы айтқанда ІЖҚ жай ғана қарапайым су да салқындата алады (бұрын істегендей). Бірақ оны қыс мезгілінде әрдайым ағызу қажет болады, себебі су қатқан кезде кенейеді және бүкіл салқындату жүйесін бұзады.

Оның қату температурасы су салыстырғанда едәуір төмен болғандықтан антифриз осы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл әсерге этиленгликоль және/немесе пропиленгликоль негізіндегі арнаулы суық агенттерді қосу арқылы қол жеткізіледі.

Оған қоса, жағымды «бонус» ретінде антифриздердің қайнау нүктесі анағұрлым жоғары болады, бұл өз кезегінде қозғалтқыш елеулі түрде қызып кеткен жағдайда салқындату жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қарапайым су 100°С температурасында қайнайды, классикалық кеңестік «Тосол» – 105-110°С температурасында, ал жақсы қазіргі заман антифризі шамамен 120°С температурасында қайнайды.

Қазіргі таңда сатылымда алуан түрлі маркалы салқындатқыш сұйықтықтарды кездестіруге болады. Алайда оларды түсіне (танымал жаңылыс) қарап емес, қолдану әдісі және құрамы бойынша таңдау қажет.

Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында сапалы антифризді қай жерде сатып алуға болады?

Егер сіз жоғары сапалы салқындатқыш сұйықтықты сатып алғыңыз келсе, Total әлемдік жетекші өндірушінің өніміне назар аударыңыз. Біздің компания француз концерннің Қазақстандағы ресми өкілі болып табылады және сапалы антифризді Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды қалаларында және елдің өзге де елді мекендерінде сатады.

Сіздің назарыңызға дайын салқындатқыш сұйықтықтардың және моноэтиленгликоль және тоттану тежегіштері негізіндегі Total GLACELF концентраттарының желісі ұсынылады. Қазақстанда дәл Сіздің автомобиліңіз үшін жарамды болатын антифризді дұрыс таңдауда және сатып алуда өнімдердің толыққанды техникалық сипаттамасы көмектесетін болады.

Біздің Алматы қаласындағы салқындатқыш сұйықтықтарымыз жайлы анағұрлым толық ақпарат алу үшін, +7 (727) 321-05-10 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз немесе бізге «Park View Office Tower» БО (Қонаев көшесі, д. 77) мекенжайымызға келіңіз.

GLACELF

Моноэтилен гликоль базасында дайын салқындатқыш сұйықтықтар мен концентраттар тізімі.

 

GLACELF AUTO SUPRA GLACELF PLUS
GLACELF PLUS GLACELF PLUS
Көбірек білу
 
Көбірек білу
GLACELF MDX GLACELF CLASSIC
GLACELF MDX GLACELF CLASSIC
Көбірек білу
 
Көбірек білу

?? ?? ?? ??