Жеңіл автокөліктерге арналған жағармайлар

1

Сіз TOTAL компаниясының жағармайларын пайдаланған кезде олардың сапасына күмәнданудың қажеті жоқ. Сіз өз автомобиліңізге барынша қамқорлық жасайтыныңызға сенімді болып ғана қоймай, жағармайлардың сан-алуан түрлерін таңдай да аласыз. TOTAL компаниясының сапасы жоғары жағармайлары түрлерінің ішінде сізге қажетті барлық өнімдер бар.

Сипаттамасы жоғары майлар

Неліктен TOTAL ең сенімді маркалардың бірі болып табылады? Себебі, біз ең жоғары стандарттарды сақтаймыз. TOTAL компаниясы келесі талаптарға сәйкес келетін өнімдер жасау мақсатымен зерттеулерді қарқынды және үздіксіз жүргізеді:

  • үйкелісті және тоттануды азайту арқылы тозудан қорғайды;қозғалтқышты қызып кетуден сақтайды;
  • қозғалтқыштың цилиндріндегі компрессияны қамтамасыз етеді және қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффицентін барынша жоғарылатады; қақтардың түзілуін болдырмай, қозғалтқыштың тазалығын қамтамасыз етеді;
  • отынның аз жұмсалуына ықпал етіп, автомобильді пайдалану шығындарын азайтады;
  • ауаға CO2 және басқа да зиянды заттардың бөлінуін қысқартып, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтады.

TOTAL компаниясының жеңіл автокөліктерге арналған жағармайларының түрлері: