5w30 мотор майын

5w 30 мотор майы - ІЖҚ арналған майлаушы материалдардың классикалық барлық маусымдық түрі. SAE 5w30 тұтқырлығы бар автомайды пайдалану ыстық емес жазды күні де, суық қысты күні де ақталды.

Тотал компаниясы бірқатар 5w30 мотор майларын шығарады, оның сипаттамалары температураның кең ауқымында тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. -30°С дейінгі температура кезінде 5 индексі мотордың сенімді суық от алуына кепілдік береді. Ал жазда Тотал автомайларының тұтқырлықты - температуралық қасиеті түйісетін беттердің тозуын азайтып, артық жылуды керемет қайтара отырып, үйкелу жұптарын тиімді майлайтын болады.

5w30 тұтқырлық индексіне ие май қала сыртындағы жолдардың қиын шарттарда және жылдам магистральдарда да, қарқынды қалалық қозғалыс жерлерде де автомобильді пайдалануға жарамды болады.

Ең жақсы нұсқаны таңдау үшін майларды автомобиль маркасы бойынша таңдау қалпын қолданыңыз: синтетика 5w30, жартылай синтетика немесе «минералды». Автомобильіңіздің қозғалтқышының параметрлеріне сәйкес келетін 5w30 майын сатып алу үшін біздің Каталогымызды арқау етіңіз.

Жаңа дизельдер мен бензинді моторлар үшін 5w 30 синтетикалық мотор майы жақсы жарамды болып келеді, мысалы, Total Quartz Ineo MC3. Жуғыш қасиеттеріне және жеткілікті кинематикалық тұтқырлыққа ие бола отырып, майдың осы түрі қозғалтқышыңыздың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Total өнімдерінің мысалында 5w30 барлық маусымды мотор майларының ерекшеліктері

Тотал компаниясынан майлаушы материалдардың осы барлық маусымды топтарының типтік өкілдерінің деректерін қолдана отырып, 5w 30 синтетикалық майды айрықша етіп көрсететін қандай ерекшеліктері бар екенін анықтап көрейік.

Quartz Ineo MC3 5W-30

Total Quartz Ineo MC3 жартылай синтетикалық майы

 

5w30 майының негізгі сипаттамалары - бұл:

  • шығарылатын түтіннің уыттылық деңгейінің төмендігі (Euro IV талаптарына сәйкес келеді);
  • қозғалтқыш тазалығын қамтамасыз ететін диспергиялаушы қоспалар кешені;
  • ауыстырудың ұзартылған аралығы – 38 мың км жүріске дейін;
  • қышқылдануға төзімді, күрделі режимдерде пайдалану барысында қасиетін ұзақ уақыт сақтау қабілеті;
  • әмбебаптылығы: дизельдерге де, жанармай моторларына да жарамды.

Суық қысқы күні және ауыр шарттарда жұмыс істегенде пайдалану үшін Тотал өнімін - Quartz 9000 Future NFC қарастырыңыз. Кейбір көрсеткіштер бойынша бұл бірегей 5w30 мотор майы. Көптеген тесттер көрсеткендей, дизель осы майлаушы материалда ең үнемді режимде жұмыс істейді. Сіз тұтқырлығы жоғарырақ 15W-40 майымен салыстырғанда жанармай шығынының 2-3% дейін төмендеуіне қол жеткізесіз.

QUARTZ 9000 FUTURE NFC 5W-30

Total Quartz 9000 Future NFC​ 5W-30

 

Синтетикалық негізде дайындалған Quartz 9000 Future NFC барлық маусымды әмбебап 5w30 мотор майында:

  1. Заманауи жуғыш - диспергиялаушы қоспалар кешені.
  2. Өнімдер санатындағы ең жетік тозудан және қақ түзілуден қорғанысты.
  3. Жеңіл суық от алуға кепілдік беретін керемет ағу көрсеткіштері бар.

Барлық маусымды майлардың түрлері арасында таңдау жасай отырып, қозғалтқыш тозуын және ықтималды жүктемелерді ескере отырып, автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта жазылған ұсыныстарға жүгініңіз.

Тотал 5w30 мотор майы көптеген еуропалық және әлемдік автоөндірушілермен жыл бойы пайдалану үшін оңтайлы майлаушы материал ретінде ұсынылған.

Алматыда 5w30 мотор майын Total ресми дилерлерінде сатып алуға болады.