TOTAL мен ASTON MARTIN жаһандық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

TOTAL мен ASTON MARTIN жаһандық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Aston Martin

Total мен люкс санатты спорт автомобильдерін шығаратын Aston Martin компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге осы жылдың көктемінде қол қойылды. Келісім аясында Total ұйымы 2017 жылға дейін Aston Martin компаниясының энергетикалық серіктесі атанып, өз өнімін ағылшын брендінің автомобильдеріне арнап ұсынатын болады. Сондай-ақ серіктестік шеңберінде FIA WEC төзімділікке жарысу бойынша әлем чемпионаты маусымының бойында Aston Martin Racing командасына техникалық қолдау көрсету де қарастырылған.  

Aston Martin чемпионатқа үш V8 Vantage GTE автомобилін шығарды. Лубрикант ретінде Total мотор майы қолданылатын болады, ал мобильді зертхана мен жеке техникалық кеңесші WEC шарасының әр жарысына қатысып, қызмет көрсетеді. Бұған дейін Total-дың аталған қызметтерін тек «Формула-1» қатысушылары ғана пайдалана алатын.

Болашақта компаниялар Total Excellium маркалы жанармайды да қолдану мүмкіндіктерін қарастыратын болады.

Total Lubricants автомобиль бағытының басшысы Пьер Дюо: «Күн сайын Total компаниясының 250-ден астам ғылыми зерттеушісі аса жоғары сапаға ие жанар-жағармай бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Біз Aston Martin компаниясымен серіктестік орнатқанымызды мақтан тұтамыз және жарыс барысында жаңа табыстарға қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Техника саласындағы шекараны кеңейтіп, мүмкіндіктерді арттыру, сонымен қатар автоспортқа деген құштарлық Aston Martin секілді аңызға айналған люкс санатты бренд пен Total компаниясын біріктіреді. Біз Aston Martin Racing командасымен өнімімізбен, қолдауымызбен және тәжірибемізбен қуана бөлісетін боламыз».

Aston Martin компаниясының вице-президенті және арнайы жобалар жөніндегі директоры Дэвид Кинг: «Aston Martin – премиум санаттағы бүкіләлемдік марка және біз үшін әлемнің ең үздік компанияларымен жұмыс істеу үлкен маңызға ие. Біз автомобильге арналған жанар-жағармай материалдары саласында Total-ды алдыңғы қатарлы көшбасшы деп танимыз және жарыс жолында, одан тыс жерде бірлесіп табысқа жету үшін серіктестіктің басталуын асыға күтеміз».

Астон Мартин лого

?? ?? ?? ??