Автомат қорабы ақшаңызды қалай үнемдей алады

Автомат қорабы ақшаңызды қалай үнемдей алады

TRANSMISSIONS_APPROVED

Сіз үшін қажетті берілісті таңдап, жағармайдың тұтынылуын қысқартатын компьютер механикалық беріліс қорабымен мәңгілікке қош айтысу үшін үлкен себеп бола алады.

Өзімізді алдамайық. Әрине өзіңізді математиканың данышпанымын деп сезінуіңізге болады, бірақ сізден де ақылды құрылғылар бар. Әсіресе осындай аса мұқият есептеуді қажет ететіндерін ескеру керек. Көп уақытыңызды көлік айдауға жұмсайтын болсаңыз, бір қолыңыз муфтадан түспейтін болса, жағармай шығынын азайтамын десеңіз, бұл мақала сізге арналған!

Автонарық қазір сіз үшін қажетті берілісті таңдайтын компьютерлермен жабдықталған көліктерге толып тұр. Мұны «мехникаға» қарсы жасалып жатқан жаһандық астыртын сөз байласу деп түсінбеңіз. Аталған компьютер өндірушілерінің бұл ісін жағармай шығынын азайтуға бағытталған қадам деуге болатын шығар.

Шындығы мынау: берілісті қолмен ауыстыру әрдайым дәл қажет уақытта жасала бермейді. Оның қашан ауысатынын тек жүргізуші ғана шешеді. Алайда рөлде отырғандардың бәрі бірдей керек сәтте дұрыс шешім қабылдайды деуге болмайды. Ал түрлі технологиялардың дамуы жағармайды үнемдеудің жаңа формуласын енгізуде. Және бұл формулада жүргізуші қажет болмай қалды.

Кең таралған мифтерді әшкерелеу

Бұрын автомат беріліс қораптары жағармайдың соры болып есептелетін. Қазір мұндай жағдай өзгерді. Сіз автомат қораптарды қолдана отырып, ақша үнемдей аласыз, алайда бұл жолда трансмиссиялық сұйықтықты ауыстыру туралы өндірушінің нұсқаулығын ескеру керек екенін өзіңіз де түсінген шығарсыз.

Автомат қораптар автомобильдің қозғалыс жылдамдығы туралы деректерге сәйкес берілісті санды таңдайды. Компьютер әрдайым ең лайық деген берілісті белгілейді, осылайша қозғалтқыштың тиімділігін реттеп, барынша үлкен көлемдегі өнімділігін қамтамасыз етіп отырады. Бұл өндірушілерге жағармайды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Прогрестің дамуы мен ғылымдағы түрлі жетістіктер автомат беріліс қорабы бар көліктердегі жағармай шығынын механикамен салыстырғанда 10%-ға азайтты. Дәл осы себепті қазіргі уақытта әлем бойынша жарыққа шығатын көлік құралдарының 50%-ы автомат немесе жартылай автомат беріліс қораптарымен жабдықталған.

Автомат беріліс қораптарының түрлері

Жартылай автомат беріліс қорабы

Бұл құрамына автоматтандырылған механикалық беріліс қорабы (АМТ) кіретін қарапайым механикалық беріліс қорабы. Құрылғы, сондай-ақ Еуропада аса танымал және Alfa Romeo (Selespeed), Audi R8 (R-Tronic), BMW (SMG), Citroen / Peugeot (CMP), Fiat (Duallogic), Lancia (DFN), Opel (Easytronic) секілді автомобильдерде қолданылатын муфтасыз механикалық беріліс қорабы деген атаумен де белгілі. Ол автомат беріліс қораптары үшін басқа өнім қажет екендігіне қарамастан, механикалық беріліс қораптары секілді дәл сондай трансмиссиялық сұйықтықты пайдаланады.

Автомат беріліс қорабы

Дәстүрлі автомат беріліс қораптары гидротрансформаторларды қолданады. Компьютер гидравликалық жүйені берілісті автоматты түрде ауыстыру үшін пайдаланды. Бұл берілістер Dexron немесе Mercon секілді арнайы жағармай материалдарын қажет етеді; түрі автоөндірушіге байланысты әртүрлі болып келеді. Сұйықтықты шамамен әр 60 000 шақырым сайын ауыстырып отыру керек. АБҚ төрт, алты, сегіз, кейде тіпті одн көп беріліске ие болуы мүмкін. Бұл беріліс қорабы АҚШ-та, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда аса танымал.

Сатысыз трансмиссия немесе вариатор (CVT)

Құтышаның айналу жылдамдығы мен диаметрін өзгерту үшін үзіліссіз гидравликалық вариаторды басқарып отыратын бау арқылы біріктірілген екі конусы бар беріліс қорабы. Бұл жүйе Audi (Multitronic S), Jeep и Dodge (AutoShift), Mitsubishi (6S-CVT), Subaru (E5-AT Sportshift) және Mercedes (Autotronic) көліктерінде қолданылады. Жапония мен Қытайда ең көп қолданылатын құрылғы. Сатысыз трансмиссия үшін сұйықтықты беріліс түріне байланысты арнайы таңдау керек.

Қосарлы ажыратқышы бар беріліс қорабы (DCT)

Бұл қорапты бір жүйеге біріккен екі жүйе ретінде сипаттауға болады. Жылдамдықты ауыстыру режимі толықтай автоматтандырылған болуы мүмкін немесе керісінше жүргізушіге толықтай берілуі де ықтимал. Алайда бұл ретте бәрімізге таныс тұтқаның орнында әдетте рөлдің жанында орналасқан ыңғайлы ауыстырғыштар болады. Мұндай беріліс түрі Еуропа мен Қытайда үлкен танымалдылыққа ие болып келеді. Жүйені Volkswagen (DSG), BMW (DKG), Ford(PowerShift), Nissan (ATTESA E-TS), Volvo (Powershift) және Porsche (PDK) қолданады. Мұндай беріліс қораптары үшін автоматты қораптарда пайдаланылатын сұйықтық жарамайды, сондықтар маманмен бірге таңдау дұрыс шешім болмақ.

Сонымен үнем үшін беріліс қорабының өзге түріне көшемін деп шешім қабылдасаңыз, Total мамандарының көлігіңіздің талаптарына сай келетін премиум-кластағы жағармай материалдарын және дәл осындай ұстаныммен транмиссиялық сұйықтықты таңдауға кеңес беретінін естен шығармаңыз.

?? ?? ?? ??