Бензиндік қозғалтқыштарға арналған мотор майлары

Бензиндік қозғалтқыштарға арналған дұрыс мотор майлары

Ауқымдылығына, төмен ПӘК және пайдаланудағы және қызмет көрсетілуіндегі күрделілігіне орай бумен жұмыс істейтін машиналардың орнына бензиндік қозғалтқыштар келді. Бірінші прототипі ретінде 1859 жылы шығарылған Жанн Ленуардың аппараты болып саналады. 

Тіпті оның өзінде де сумен салқындату жүйесі және майлаудың ойластырылған жүйесі бар болды. Оларсыз мікбастардың әрдайым сыналануына орай аппараттың жұмысы мүмкін емес болушы еді.

Quartz Ineo MC3 5W-40

TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W-40

Бүгін сапалы май – бұл жағармай және қосымша қоспалар. Мысалға, TOTAL QUARTZ 9000 ENERGY 0W-40 мүмкіндік береді:

  • тозудың азырақ көрсеткіштеріне қол жеткізуге (сынау нәтижелері бойынша 20%); 
  • күйе сүзгісінің жұмысын оңтайландырады; 
  • суық қозғалтқыштың бірқалыпты оталуын қамтамасыз етеді. 

Бензиндік қозғалтқыштар үшін сапалы мотор майлары не үшін қажет?

Бензиндік қозғалтқыштың цилиндрлерінде алдын-ала сығылған жанармай-ауа қоспасы электр ұшқынымен тұтанады. Осыдан кейін өсіп келе жатқан қысымның және температураның салдарынан мікбас жоғары қарай ұмтылады. Жылулық энергия білік арқылы механикалық энергияға ауысады.

Тиісті жағармайсыз агрегаттың жұмысы мүмкін емес болушы еді. Металл бөлшектердің үйкелісі жылдам тозуға алып келуші еді, мікбастар температураның әсерінен кеңейіп, өздерімен цилиндрдегі өту тесігін сыналаушы еді.

QUARTZ 9000 FUTURE 0W-20

TOTAL QUARTZ 9000 FUTURE 0W-20

Қазіргі заманғы майлар осы тапсырмаларды да орындап, қоспалардың бірегей үйлесімі есебінен айтарлықтай елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірқалыпты климатқа арналған TOTAL QUARTZ 9000 FUTURE 0W-20 майы – бұл:

  • жанармайды 2-2,5% дейін үнемдеу; 
  • ластаушы заттардың төмен шығарындысы; 
  • көлік жүргізу стиліндегі және пайдалану қарқыдылығындағы әмбебаптық. 

Артықшылықтар: бензиндік қозғалтқыштарға арналған мотор майлары қалай көмектеседі?

Бензиндік қуат беруші қондырғылар – бұл көлем бірлігіне шаққандағы айтарлықтай қуаттылық, бұл өз кезегінде тіпті кішкентай автокөлікте де спорттық динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыдан басқа, мотордың ресурсі жақсы. Артықшылықтардың тізімін жану өнімдерін босатудың қарапайым жүйесі толықтырады.

Осы артықшылықтарды күшейтуге техникалық жағармай сұйықтығы арналған. TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W-40 – бензиндік қозғалтқыштардың соңғы модельдеріне арналған премиум-сыныпты синтетикалық өнім. 

Ол жақсартады:

  • каталитикалық бейтараптандыру жүйелерінің өнімділігі; 
  • күйе сүзгісінің ресурсі. 

Мүмкіндік береді:

  • жанармай шығынын төмендету; 
  • ауыстыру аралығын арттыру. 

Total май өндірудің қазіргі заманғы технологиялары – бұл бензиндік қозғалтқыштың ажырамас бөлігі болып табылады. Ең жақсысын таңдаңыз және сапардың әрбір шақырымынан рахат алыңыз.