«СТ Агро» ЖШС-мен ынтымақтастық

«СТ Агро» ЖШС-мен ынтымақтастық

image

2016 жылдың ақпан айында «Тоталь Маркетинг Сервисес Қазақстан» ЖШС CLAAS ауыл шаруашылық жабдығының неміс өндірушісінің эксклюзивті дистрибьюторымен келісімшарт жасасып, Қазақстанда CLAAS  түпнұсқа жақпа материалдарының жеткізушісі болды.

Қазақстандық фермерлерге CLAAS  компаниясы өнімдердің келесі топтамасын ұсынады: астық жинау комбайндары LEXION, TUCANO, өз саласында әлемдік сатылымның көшбасшысы болып табылатын жем жинау комбайны JAGUAR, тракторлардың кең модельді қатары, сонымен қатар шөп орғыштар, қаума салушылар, телескопиялық жүк тиегіштер және пресс-жинағыштар.

Біздің серіктесіміз – СТ АГРО компаниясы меншікті еншілес компаниялары мен дистрибьюторларының тармақталған желісі арқылы Қазақстанның барлық өңірлерінде жоғарыда аталған техниканы сатуды және сатқаннан кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

2005 жылдан бастап CLAAS компаниямен серіктестікте Total компаниясы CLAAS техникасына сервистік қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген түпнұсқа майлар мен техникалық сұйықтықтардың топтамасын шығарады.

?? ?? ?? ??