Total Африка футбол конфедерациясымен (АФК) серіктестік туралы келісім бекітті.

Total Африка футбол конфедерациясымен (АФК) серіктестік туралы келісім бекітті

CAF

Total Африка футбол конфедерациясымен (АФК) серіктестік туралы келісім бекітті. Алдағы сегіз жыл бойы концерн Арфрика құрлығында футболдың ресми демеушісі атанып, негізгі он жарысқа қолдау білдіретін болады. Сонымен қатар 2017 жылдың басында Total Africa Cup of Nations турнирін өткізу жоспарланып отыр.

Футбол – жақсы көңіл-күй, ынта-құлшыныс сыйлап, команданың бір бөлігі болуды үйрететін спорт түрі. Дәл осы қасиеттер келісімге келуде маңызды рөл атқарды.

«Африка футболын дамыту үшін қаражат іздеу, спорт инфрақұрылымының жаңа деңгейіне шығу, әлемдік деңгейде спорт ісін дамыту Total секілді жетекші компания қолдау білдіріп тұрған кезде жеңіл жүзеге асады», - деп АФК басшысы Исса Хаяту серіктестіктің маңызын атап өтті.

«Біз әрқашан халық арасында танымалдылыққа ие әсерлі мерекелік шаралар арқылы қызығушылық білдірген тұлғалармен және клиенттермен байланыс орната аламыз деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді Total компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Патрик Пуянне. Аталған демеушіліктің ауқымы мен ұзақтығы тараптардың жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

80 жыл бойы Total компаниясы Африканың мұнай саласында жетекші көшбасшы болып келе жатыр. Қазіргі күні Total-дың африкалық кәсіпорындарында 10 000-нан астам адам жұмыс істейді, 2 миллиондай өнім тұтынушылары күн сайын компанияның техникалық қызметіне жүгінеді.

Total демеушілігімен Африкада футболдан 1500-нан астам ойын өтеді, оның ішінде келесілер бар:

  • Африка ұлттарының кубогы (АҰК);
  • Африка ұлттарының чемпионаты (АҰЧ);
  • АҰК клубтары арасындағы жарыстар (АҰК Чемпиондар лигасы, АҰК Конфедерация кубогы және АҰК Суперкубогы);
  • жастар арасындағы жарыстар (Африка ұлттары кубогының U-23, U-20 және U-17);
  • әйелдер арасында ойнатылатын Африка ұлттарының кубогы;
  • футзалдан Африка ұлттарының кубогы.