Өнеркәсіптік майлар

Өнеркәсіпке арналған жағармайлар

Total компаниясының өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған жағармайларды дайындауда және өндіруде мол тәжірибесі бар. Біз өндірістің түрлі кезеңдерінде жүретін технологиялық үдерістері жақсы түсіне отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындарда кездесетін экологиялық проблемаларды да назардан тыс қалдырмаймыз.

Біз өндірістік үдерістерді оңтайландыру және өз өніміміздің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жағармайлар өндіру саласында жинақтаған бүкіл тәжірибемізді пайдаланамыз.

Total компаниясы өнеркәсіптің қанда да бір саласы үшін барлық спецификациялар мен қолданыстағы нормаларды ескере отырып арнайы дайындалған кәсіби жағармайлардың сан-алуан түрлерін ұсынады. Біз кеңес беру, қызметкерлерді оқыту қызметтерін көрсетеміз, сараптамалық талдау жүргіземіз және өнім сатылғаннан кейін де қызмет көрсетеміз.

Біздің ғылыми-зерттеу орталықтарымыз материалдардың экологиялық талаптарға сәйкес болуы, бөлінетін ластағыш заттар мөлшерінің азаюы, қалдықтарды қайта кәдеге жарату мүмкіндігі болуы үшін үнемі жұмыс істейді.

Total компаниясының өнеркәсіптік жағармайлары келесі кепілдіктер береді:

  • Қондырғының пайдалану сипаттамаларының жоғарылауы;
  • Қондырғының өнімділігінің жоғарылауы;
  • Шығындардың азаюы.

Сіз біздің өнімді таңдай отырып бөлінетін улы заттардың мөлшерін және жазатайым оқиғалар қаупін азайтасыз, қондырғының да, қызметкерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.

?? ?? ??