Тежеуіш сұйықтығын қалай тексеру керек

Тежеуіш сұйықтығын қалай тексеру керек? Тежеуіш сұйықтығын Сіз қалай тексересіз?

тормозная жидкось

Кейбіріңіз тежеуіш сұйықтығы дегеніміз не? немесе Тежеуіш сұйықтығының не қажеті бар? деп сұрауыңыз мүмкін.

Гидравликалық тежеуіш жүйелерде тежеуіш сұйықтығы тежеуіш педалін басу күшін тежеуіштің өзіне жібереді. Тежеуіш сұйықтығы автокөліктегі ең маңызды сұйықтықтардың бірі саналады. Ол тежеуіш педалінің механикалық әрекеті мен көлік құралдарының қозғалысы жылдамдығын азайту үшін үйкелісті пайда ететін тежеуіш колодкаларының арасында өзара байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін тек ұсынылған тежеуіш сұйықтығын пайдаланып, әрдайым ұсынылған деңгейде ұстап отырғаныңыз маңызды.

Тежеуіш сұйықтығының деңгейін қалай тексеру керек?

1-кезең: Автокөлікті тегіс жерге тұрақтатыңыз да, тұрақ тежегішін тартыңыз.

2-кезең: Капотты ашып, тіреп қойыңыз.

3-кезең: Тежеуіш сұйықтығы құйылған шөлмекті табыңыз. Оны бірден таба аласыз. Бұл рульдің артындағы жартылай мөлдір кішігірім шөлмек. Шөлмек қозғалтқыш отсегіндегі тежеуіш педалінің жанындағы шағын металл блок іспеттес басты тежеуіш цилиндрге бекітілген.

4-кезең: Тежеуіш сұйықтығын тексеру қиын емес. Тежеуіш сұйықтығының деңгейі резервуардағы МАКСИМУМ мен МИНИМУМ белгілерінің арасында тұрғанына көз жеткізіңіз. Сұйықтықтың түсі сарғыш қоңыр болуы тиіс. Бұл оның пайдалануға жарамды екенін білдіреді. Егер тежеуіш сұйықтығының деңгейі МИНИМУМ белгісіне жетпей тұрса, білікті механикке жолығыңыз. Тозған тежеуіш колодкалары мен гидрожүйеден сұйықтықтың ағуы тежеуіш сұйықтығы деңгейінің төмендеп кетуіне себепші болуы мүмкін.

?? ?? ?? ??