TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W-30 мотор майы

TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W-30 мотор майы

Quartz Ineo MC3 5W-30

BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen және Kia сияқты техника өндірушілерінің техникалық талаптарына сәйкес арнайы әзірленген Low SAPS синтетикалық мотор майы.

 

СПЕЦИФИКАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МАҚҰЛДАУЫ

Халықаралық жіктеулер

  • ACEA C3
  • API SN/CF

Мақұлданды

  • MERCEDES-BENZ: MB-Approval 229.52 (MB-Approval 229.51 және  MB-Approval 229.31 бірге кері үйлесімділік)
  • BMW LL-04
  • VOLKSWAGEN VW 502.00 / 505.0
  • KIA: Kia мақұлданды және сервистік құю майы ретінде ұсынылған**
  • GENERAL MOTORS: Ресми лицензия Dexos 2 TM : GM (Opel, Vauxhall, Chevrolet) қозғалтқыштарының соңғы техникалық талаптарына жауап береді.

КЛИЕНТТЕР ҮШІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Қоршаған ортаға зиянды әсерінің төмендеуі: QUARTZ INEO MC3 5W-30 пайдаланылған газдарды толық жағатын үш компонентті катализатордың және NOx, CO2, СО тастандыларын және күйені азайтатын күйе сүзгілерінің жұмысын оңтайландырады, автоөндірушілердің майдың пайдалану қасиеттері деңгейіне қоятын талаптарына және Еуро5 экологиялық стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді.
  • Пайдаланылған газдарды келесі өңдеу жүйелерінің қызмет ету мерзімін арттыру: бұл май күйе сүзгілерінің және үш компонентті каталитикалық нейтрализаторлардың бітелуін және толып қалуының алдын алып, пайдаланылған газдарды тазарту жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзартады.
  • Қозғалтқышты қорғау және тазалық: майдың температуралық ауытқуларға керемет төзімділігі қозғалтқыш бөліктерінің ұзақ қызмет ету мерзіміне және кез келген жағдайлар кезінде оның оңтайлы сипаттамаларына кепілдік береді. 
  • Майды ауыстырудың кеңейтілген аралықтары: QUARTZ INEO MC3 5W-30 майы автоөндірушілердің ең қатал сервистік жоспарларын қанағаттандырады, себебі майды ауыстыру аралықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W-30 ҚОЛДАНУ

  • Синтетикалық технология негізіндегі күлділігі төмен QUARTZ INEO MC3 5W-30 мотор майы BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen және Hyundai, Kia сияқты автоөндірушілердің техникалық талаптарына сәйкес әзірленген.
  • Соңғы халықаралық ACEA және API стандарттарына сәйкес келеді және көптеген автоөндірушілердің талаптарына жауап береді.
  • Тұтқырлық класы 5W-30 майды көлік құралын пайдаланудың ең қатаң жағдайларында қолдануға болады (спорттық жүргізу, жиі іске қосу, қала және автомагистралдар бойынша қозғалу).
  • Арнайы құрамы майдың температуралардың төтенше ауытқуларына төзімділігін қамтамасыз етеді. Бұл май 
  • Бұл май, әсіресе, турбоүрлеуі, мультиклапанды жүйесімен және тікелей бүркуімен жабдықталған заманауи мультиклапанды қозғалтқыштарға жарамды.
  • Low SAPS технологиясы (сульфатты күл, күкірт пен фосфор мөлшері төмен) осы майды пайдаланылған газдарды тазарту жүйелерімен жабдықталған соңғы буын қозғалтқыштарының мінсіз жұмысы үшін оңтайлы таңдауға айналдырады.

?? ?? ?? ??