Тежеуіш сұйықтығының кластары

Тежеуіш сұйықтығының кластары

image

Гидравликалық тежеуіш жүйелері бар көлік құралдары алғаш рет 1924 жылы пайда болды. Гидравликалық жүйеге арналған сұйықтық ретінде спирттер әсіресе, глицерин және глицерин мен судың қосындысы сияқты көп атомдық спирттер пайдаланылды. Бұл өнімдер бүгінгі технологияларына сай келмейді және тек тарихи құндылыққа ие.

Бүгінгі таңда тежеуіш сұйықтығының негізінен, үш классы ажыратылады

Қазіргі кезде ең танымалы гликольэфир негізіндегі тежеуіш сұйықтығы. Бұған қоса нарықта минералды май негізіндегі (Citroen Hydraulic Mineral Liquid LHM) және силикон негізіндегі (DOT 5) тежеуіш сұйықтығы да бар. Силиконды майлар көп жағдайда Америка Құрама Штаттарының әскери көлік құралдарында, ал минералды майлар автокөліктердің кейбір маркаларында (Citroen, Rolls Royce...) пайдаланылады.

Құрамы

Қолданылу саласы

Спецификациясы

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Гликольэфирлер мен  оның туындылары

әлемдік нарықтың 95%

DOT 3, DOT 4, DOT 5.1

Сумен араласады

Сығымдылығы төмен

Эластомерлерге сәйкес келеді

Ылғалды сіңіреді

Минералды майлар

Citroen

LHM

Жоғары қайнау температурасы

Сумен араласпайды

Резеңкемен сәйкестігі шектеулі

Силиконды майлар

Көне әскери техника

DOT 5

Жоғары қайнау температурасы

Гликоль негізіндегі сұйықтықтарға қарағанда сығымдылығы жоғары

Бағасы қымбат

Арнайы эластомерлерді қажет етеді

Тежеуіш сұйықтығы ылғал соруы оның артықшылығы да, кемшілігі де болып табылады...

Артықшылығы

Жан-жақтағы су мен ауа ылғалдығы тежеуіш жүйенің резеңке шлангыларының микроскопиялық кеуектері, бас тежеуіш цилиндрдің нейлон бөшкесі мен гидравликалық жүйеден әртүрлі нығыздаулар арқылы ішке кіре алуында. Тежеуіш сұйықтығы ылғалды сіңіріп алатындықтан, концентрацияның жергілікті деңгейлері әдетте, айтарлықтай төмен және тот басу мүмкін емес. Төмен температура басым болған уақытта ерітінді де судың қатуына жол бермейді.

Кемшілігі

Төмен температурада су ерітіндінің тұтқырлығын арттырып, ерітіндінің қайнау температурасын азайтады. Ылғал бар сұйықтық қызып, жүйенің ішінде буға айналады. Осы арқылы бу тығындары пайда болады.

Осылайша, тежеуіш сұйықтығының сығымдылығы артып, тиімді әрі қауіпсіз тежелу үшін қажет күшті беру қабілетінен айырылады.

?? ?? ?? ??