
МАЙДЫ ІРІКТЕУ
Дәл өз автокөлігіңіз үшін майлағыш материалдарды іріктеп алыңыз
Кешіріңіз, сіздің іздеулеріңіз нәтиже бермеді. Емлені екі рет тексеріңіз немесе жаңа іздеуді қолданып көріңіз.
1995 жылдан бастап осы екі компания экологиялық зерттеулердегі, спорттық жарыстарға қатысудағы және автомобильдерге сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетудегі жетістіктері мен жинақталған тәжірибелерін біріктірді. Олардың командалары мақсаттары клиенттердің жанармайдың жұмсалуын, қозғалтқыштан бөлінетін CO2 мөлшерін және автомобильдің жиынтық шығындарын азайтуға қатысты сұраныстарын толық қанағаттандыруға бағытталған техникалық және ғылыми мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істейді.
Peugeot және Total компаниялары – экология және өндіріс мәселелері бойынша әріптестер.
2013 жылы компаниялар автомобильдердің жанармайды аз тұтынатын және жүргізуге қолайлы жаңа буынын жасап шығаруға бағытталған кезекті инновациялық жобамен жұмыс істеп, зерттеу бағдарламаларын жалғастырды. Компаниялар автомобильдің жылдам қозғалатын (100 км/сағ жылдамдыққа 8 секундта жететін) және ауаға CO2 аз мөлшерде (49 г/км) бөлетін үлгісін дайындады. Осы 208 HYbrid FE деп аталған технологиялық үлгіде Peugeot және TOTAL компанияларының жанар-жағармай, жақсартылған аэродинамика және жеңілдетілген трансмиссия салаларындағы ең жаңа дайындамалары қолданылды. Екі компания да осылайша қозғалтқыштардың көрсеткіштерін жақсартуға және оларды барынша қорғауды қамтамасыз етуге тырысуда.
Сіз өзіңіздің Peugeot автомобиліңізде TOTAL компаниясының жағармайларын пайдаланып, оның қозғалтқышының қызмет мерзімінің ұзаруына және ауаға бөлінетін ластағыш заттардың мөлшерін азайта отырып, қозғалтқыштың сипаттамаларының жақсаруына көмектесесіз. Peugeot гибридтік автокөлігі.
TOTAL компаниясы соңғы 18 жыл бойы автоспорттың негізгі бағдарламаларында Peugeot компаниясының әріптесі болып келеді.
Peugeot және Total компаниялары – болашаққа жаңа жол.